114, 8-800-0805-114 info@114.kz

«Social Development Center» қоғамдық фонды діни қатынастар саласындағы кеңес берушілік және практикалық көмек көрсету бойынша «114 қауырт желісінің» жақын арада бастайтынын хабарлайды.

Қауырт желі азаматтарға дінге қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпараттық кеңес беру, деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету мақсатында жасалды. Желі Қазақстан Республикасының барлық аймағында аптасына 7 күн 9:00-18:00 дейін тегін жұмыс жасайды. Желінің толық іске қосылуы шілде айының 2-ші жартысына жоспарлануда.

Жобаның қазіргі кезеңінде www.114.kzсайты жасалынуда. Сайт көмегімен ҚР кез-келген азаматы діни сұрақтар саласында кеңес ала алады. Одан бөлек, азаматтарға кеңес берушілік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету үшін психология, дінтану, исламтану және құқықтану саласындағы білікті мамандарды іріктеу жүріп жатыр.

Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық аму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес АҚ мемлекеттік гранты аясында «Social Development Center» қоғамдық қорымен іске асырылуда.

kkҚазақ тілі
ru_RUРусский kkҚазақ тілі