114, 8-800-0805-114 info@114.kz

ҚР Бас прокуратурасының «Экстремизмге, террорлық әрекетке байланысты қылмыстар, құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалау жағдайы туралы» статистикалық есебі бойынша 2020 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 367 экстремизмге, террорлық әрекетке байланысты қылмыстар, құқық бұзушылықтар жасалған. Бұл қылмыстардың көп бөлігін экстремистік және деструктивті сипаттағы әртүрлі діни ұйымдарға өз еркімен енген адамдар жасаған.

Деструктивті діни ағымдар – зайырлы мемлекеттерде қабылданған дәстүрлі діни көзқарастар мен нормаларға қарсы, радикалды идеяларды тарататын және осы идеяларға сендіруде зорлық-зомбылық әдістерін қолданатын, жаңа өкілдерінің бұрынғы тұлғасын жойып, өздерінің акцияларында әдістемелік қолдану, жан-тәнімен берілген жауынгерлер жасау мақсатында әрекет ететін діни ағымдар.

Адам деструктивті діни ағымдардың жаңа өкілі болғанда (өз еркімен, күштеп немесе сендірілген) оған барынша көңіл бөлініп, тіпті қамқорлық көрсетіледі. Мұндай қамқорлық діни бауырмалдықпен түсіндіріледі. Бұл «махаббатпен бомбалау» деп аталады, бұл әдіс бойынша деструктивті діни ағымның жаңа өкіліне көрсетілген құрмет адамның жаңа ортадағы қайталанбастығы мен маңыздылығы туралы ой қалыптастырады. Қоғамның жаңа мүшесінің санасына жұмсақ түрде жалпы ұжымдық идея енгізіледі және деструктивтік діни ағымдардың ережелері мен салттары таныстырылады – адам тура жолда екеніне сену үшін бәрі жасалады.

Деструктивті сипаттағы әрбір діни ұйымда сендірудің қайталанбас әдістері бар, бірақ адамды бұзатын құрылымға түскенін анықтайтын белгілер ұқсас. Туыстар мен жақындарының адамда болып жатқан өзгерістерді дер кезінде байқағаны маңызды.

Деструктивті діни ағымдардың ықпалының белгілері:

  • Өзіне, отбасына деген қатынасымен салыстырғанда жаңа қоғамның көшбасшысына және өкілдеріне деген шектен тыс жақсы көрушілік пен қолдау;
  • Күнделікті өмірдегі регламентациямен келісу, жеке қызығушылықтардың болмауы;
  • Дін мәтіндерінің бұрмалануы, айналадағыларды «тура жолдан» адасқан деп кінәлау;
  • Депрессияның немесе, керісінше, шектен тыс белсенділіктің дамуы (тұлғаға байланысты);
  • Өмір салтын түбегейлі өзгерту, бұрынғы коммникативтік байланыстардан бас тарту;
  • Мәдени құндылықтарды өзгерту және олардың кейбірінен бас тарту (әдебиет, кино, музыка);
  • Мінез-құлықта жаңа эмоционалдық белгілердің пайда болуы;
  • Белгісіз ғалымдар мен имамдардың ойларын жиі қайталау;
  • Азаматтық міндеттерге немқұрайлы қарау немесе жаңа діни көзқарастарға байланысты олардан бас тарту;
  • Қандай да бір мемлекетке немесе этносқа тән дәстүрлерден бас тарту;
  • Жаңа діни терминдерді қолдану, сонымен бірге жаңа әдеттердің пайда болуы;
  • Радикалды иламдық догматтарға сәйкес әйелдерге қатынастың өзгеруі;
  • Жаңа ортаға сәйкес сыртқы бейненің өзгеруі (мысалы, ұзын сақал, қысқа шалбар, қара паранджа (әйелдерде).

Егер сіздің жақыныңызда деструктивті діни ағымға тән белгілер байқалса:

  • Оны кінәламаңыз және эмоционалдық диспутқа түспеңіз, себебі бұл сіздердің қатынастарыңыздың және туыстық байланыстың бұзылуына алып келуі мүмкін;
  • Деструктивті діни ағымдар тарататын ақпаратқа қарсы бейбіт контрпропаганда жүргізіңіз, жақыныңызбен дәстүрлі құндылықтар, толерантты танымның қажеттілігі туралы сөйлесіңіз, жеке тәжірибеңізден сенімді мысалдар келтіріңіз;
  • Деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшырағандарға психологиялық және теологиялық көмек көрсетілетін «114 қауырт желісіне» жүгініңіз.  «114 қауырт желісінде» сізге білікті теологтар, психологтар, заңгерлер мен дін саласындағы сарапшылар көмектеседі және дінге қатысты сұрақтарға дұрыс кеңес береді.
kkҚазақ тілі
ru_RUРусский kkҚазақ тілі