114, 8-800-0805-114 info@114.kz

«114 қауырт желісі»: егер сізге дін мәселесіне байланысты көмек қажет болса. 

«114 қауырт желісі» — бұл дін туралы барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін, сонымен бірге деструктивті діни ағымдардың әрекетінен зардап шексеңіз психологиялық және құқықтық көмек көрсететін тегін колл-орталық және чат-сайт. Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық аму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес АҚ мемлекеттік гранты аясында «Social Development Center» қоғамдық қорымен іске асырылған.

Біздің мамандар сіздердің өтініштеріңізді телефон және онлайн-режимде қазақ және орыс тілінде қабылдайды. «Қауырт желінің» барлық операторлары білікті дінтанушылар болып табылады және дін тақырыбындағы барлық сұрақтарға дұрыс жауап бере алады. Егер сұрақ арнайы маманды қажет етсе, оператор сіздің мәселеңіздің сипатын анықтап, сізді теологпен, психологпен немесе заңгермен байланыстырады. «114 қауырт желісі» аптасына 7 күн 9:00-18:00 дейін жұмыс жасайды. Қоңырау шалуға өтініш қалдырып, сайт арқылы онлайн-кеңес алуға болады. Мамандар өтініште жақын арада қарастырып, кезек бойынша сізге хабарласады.

Барлық кеңес берулер тегін және конфиденциалды түрде өтеді. Біз сіздің жеке мәліметтеріңізді ешкімге жібермейміз, өтініштерді сайтта анонимді түрде қалдыруға болады.

«Қауырт желіге» қалалық немесе ұялы телефоннан келесі номерлерге қоңырау шаласыз: 114, 8(800)-0805-114. Онлайн-кеңес берулер «Сұрақ-жауап» бөлімінде қолжетімді.

 

 

kkҚазақ тілі
ru_RUРусский kkҚазақ тілі