Қыз алып қашу қазақтар мен қырғыздардың ғұрпында бар. Шариғатта қыздың әкесінен, ағасынан және сол қыздың тәрбиесіне жауапты адамнан келісім алынады. Себебі, «Ля никаһа илля бил Уали», — деген хадиске сүйеніледі. Яғни, Неке әкесінің, көкесінің, ағасының және т.с.с. жауапкершілігі бар адамның рұқсатымен ғана дұрыс саналады.
Ал егер екі жақ (құдалар, ата-аналар) өзара шешім қабылдап, той жасауға мүмкіндігі болмаған кезде де шаңырақтарына барып, біреудің алақанына салып бағып-қағып отырған қызын алу қажет. Даладан алып қашқаннан гөрі, мәдениеттілікпен және діии рәсімге сай алған дұрыс. Өйткені, судың да сұрауы бар. Бұрын соңды табалдырық аттамаған қыз өзі шешім қабылдай алмайды. Сондықтан әке-шешесінің, ата-әжесінің және үлкендердің ақ батасын алған абзал. Неке жасырын емес, жария болуы керек.
Жауапты теолог, «Ақниет» реабилитациялық орталығының басшысы
Тыныштыков Асланбек дайындады.