- Мен ислам алеми деген тартып алып едим сонда жазыпты каза намазды сунетке косып окыса болады деп сол дурыс па,сунет окимын ба алде каза деп ойлан ба
Эльмира Сұрақ қойды
Сүннетке қаза намазын қалай қосып оқисыз? Ол жағы түсініксіз.
Жалпы Парыз намаздарын яғни оқылмаған бес уақыт намаздың парыздары мен уәжіп болып есептелетін үтір намазының қазасы өтеледі! Сүннеттің қазасы өтелмейді! Алайда уақытында оқылмаған таң намазы сол күні түске дейін қазасы өтілетін болса сүннетпен берге оқылады. Себебі ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оқи алмай қалған бір таң намазының қазасын бесін намазынан бұрын өтегенде сүннетімен бірге оқыған болатын. (Әбу Дауыт, Салат, 11).
Егер сіздің қаза намазыңыз болса бірінші қазаны орындағаныңыз абзал, ал сүннет намазын кейін оқып алсаңыз болады.
Жауапты «Ақпараттық-тарату және реабилитациялық орталық» ҚФ теологы
Саден Аблай дайындады.
Горячая линия "114" Өзгертті