Бір жігітке қатты үйленгім келеді. Бірақ болашақтағы менің жарым ба деп күмәнемен қараймын. Соның суретін алып бақсы, көріпкелдерден сұрасам боладыма, негізі барған дұрыспа?
Біріншіден: Қыз баласы тұрмыс құрады.
Екіншіден: Бақсы-балгерлер біреудің болшағын айтпаған күннің өзінде өздерінің тағдырларын болжай алмайды.
Үшіншіден: Лұқман сүресінің соңғы аяттарында адам баласынан жасырылған нәрселер туралы баяндайды. Соның арасында тағдыр және келешек күн жайында сөз етілген. Ал өз жағдайын толық біле алмайтын «көріпкелдер» сіздің немесе менің алдымда не күтіп тұрғандығын мүлдем білмейді.
Төртіншіден: Балгерлерге бару үлкен күнә. Тіпті, мұсылманлышықтан шығып қалу қауіпі бар. Яғни, Аллаға серік қосуға дейін апаруы ықтимал. Осылайша, адам күпірлікке түсіп кетуі мүмкін.
Бесіншіден: Күмәнді ойлар мен сұрақтар мазалаған кезде «Истихара» намазын оқу арқылы күдікпен күресу керек. Оны оқи алмасаңыз, үйреніп алуды кешіктірмеңіз.
Жауапты теолог, «Ақниет» реабилитациялық орталығының басшысы
Тыныштыков Асланбек дайындады.