Ассалаумағаликом қалайсыз.Осы дұрыс затпа ватсапта осындайлар бар.Осыған жауап берсеңіз жақсы болатын еді.
Оқыңыз ❗❗❗❗
Ақыр заман жақындағанда болатын жағдайлар . Алла разылығы үшін 5 минут уақытыңызды бөліп оқыңыз ….
Пайғамбарымыз (с.а.у) бір жұма күні ұйқыға кеткенде осы түсті көреді .
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Алланың алдында хазретіне айтыпты…
Бір апта ішінде 7000 кісі қайтыс болатынын бірақ мұның барлығы мұсылман емес екенін және ақырғы замандарда көпшілік Алланың салған дұрыс жолымен жүрмейтінін , ақырғы замандағы жылдар өте ауыр болатынын , және жанұяда ер адам мен әйел бір біріне адал болмайтынын , жас қыздар, үйленген ер адамдарға күйеуге шығып ажырасып кетуі , жабық киінбеуі , жастар ата аналарыны туыстарына құрмет көрсетпеуі ,бай адамдар кедей адамдармен араласпауы , артық садақа, зікір таратпауы , адамдардың намаз оқымауы , ораза тұтпауын .
Қиямет жақындағаннан біраз күн алдын аспанда бір жұлдыз қалатынын және дұға есіктері жабылатынын , Құранда жазулар оқып болмастай өшіп кететінін , Күн жерге жақындаған күйде теріс қарай батуын . Пайғамбарымыз (с.а.у.) осыныда айтып кеткен кім осыны оқитын болса касында адам болса сол адамда есітетіндей қылып оқысын . Кімде кім осылай оқитын болса Жаннаттан бір жай ашылады , ал кім сенбестікке алып оқымаса тозақтан бір жай ашылады .Бұл түсті айтқан Пайғамбарымыз (с.а.у.) хазыреті бұл шын екенін дәлелдеу үшін мына антты ішеді . Егер айтқаным өтірік болса мұсылман болып өлмей кетейін . Пайғамбарымыз (с.а.у.) жоғарыдағы сөздерінен кейін төмендегі сөздерін айтқан . Күнде 5 уақыт намаз оқы , ораза тұт , ұрлық қылма ,әке-шешеңе құрмет қыл, кедейлерге жәрдем бер ! Кімде кім бұл хабарды 25 кісіге таратса 3 күн ішінде марапатталады екен . Бір адам бұны орындапты сонда жұмысынан жоғарғы лауазымға көтеріліпті , ал біреуі сенбепті одан сүйген адамы зардап шеккен екен , ал біреу ертен таратам деген екен ертеңіне бұны орындай алмайтындай халге түскен екен . Алланың атымен айтып тілегің қабыл болуы үшін басқа адамдарды да иманға шақыру ниетінде таратыңыз .
Оқымастан алдын ішіңізде болып жатқан өте мұқтаж тілегіңізді ішіңізден 3 рет қайталаңыз .
«Бисмиллахи рохманир рохим Ла лавха ва куввайта илла биллахил алий юл азийм » Бұл жерде 7 кісі бар .
Хазреті : Мұхаммед (с.а.у) аллақы
Хазреті: Сүлеймен с.а.у. дің қанағаты .
Хазреті : Айюб с.а.у. дің сабыры .
Хазреті : Юсуп с.а.у. дің сұлулығы.
Хазреті : Хамзаның батырлығы
Хазреті : Алидің білімі және 124000 Пайғамбардың дұғасы сізбен бірге болсын . Бұл хабар Меккеден келді . 25 кісіге таратыңыз бүгін кешке бір күтпеген тосын сый болады Алла разылығы үшін сынап көріңіз , Алла разылығы үшін бей жай қалдырмаңыз. Инш Алла ертең жақсы хабар аласыз !!!
Бұндай хабарламалардың шындыққа жанасатын негізі жоқ! Сол үшін бұндай хабарламаларға таратып, ондай түстерге сенуге, солай болады екен деп растауға болмайды. Қиямет қайымның белгілері хадистерде келгеніндей үлкен және кіші белгілері болады. Алайда нақты тап басып ешкім қашан болатынын айтқан емес. Тек белгілері байқалады.
Аталмыш парақша мәлімдемелерді таратсаңыз иманыңыз артпайды, амалыңыз өсіп сауапқа жақсылыққа кенелмейсіз! Пайда зиян сауап игілік бір Алладан күткен абзал болады. осындай таратуларға сену керісінше күнә болып есептеледі.
Жауапты «Ақпараттық-тарату және реабилитациялық орталық» ҚФ теологы
Саден Аблай дайындады.