Қайырлы кеш!Мен ауылдық жерде тұрамын,сол себепті,күнде моншаға түсуге мүмкіндік жоқ.Күн суық, моншаның іші мұздай. Оның үстіне шашым ұзын. Соған қандай бір жеңіл ғұсыл дәрет түрлері бар? Және қарапайым дәреттің қандай жеңілдетілген түрлері бар күн суық кездерде. Алдын-ала рақмет!
Қайырлы күн! Таяммумды рұқсат ететін жағдайлардың бірі-күннің суықтығы. Яғни, күннің суықтығы себепті денсаулығына қауіптенген кісіге таяммум соғуына рұқсат етіледі [Табарани:Жәмиъул Кәбир. Ибн Аббастан жеткен хадис.]
Сондықтан да, шомылуға жағдайы жоқ мұсылманға әсіресе ауылды жерлерде, күннің суықтығы себепті қыз мезгілдерінде ғұсыл үшін таяммум соғуына рұқсат. Бірақ дәретті сумен алады.
Ескі фиқһ кітаптарында бұған қатысты былай делінге:
«Жүніп болған адамның өміріне қатер туғызатындай яки сырқаттыққа шалдықтыратынадй күннің суық болуы да таяммум алуға себеп. Тіпті, ондай кезде қалалы жерде тұратын адамның өзі моншаға түсуге ақшасы болмаса және (шомылғаннан соң) денесін жылытатын нәрсесі болмаса( мысалы, тон, жылы үй), таяммум соғуына рұқсат етіледі» [Ибн Ғабидин: Раддуль мухтар-2/82бет.]