Кез келген мемлекеттің барлық құқықтық нормалары оның Конституциясынан — Ата Заңынан бастау алады, Басын ашып алатын бір мәселе — біздің Ата Заңымызда «діни сенім бостандығы» деген ұғым жоқ. Ол «ар-ождан бостандығы» ұғымының аясында камтылады. ҚР Конституциясының 22-бабына сәйкес «әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар». Бірақ дәл осы бапта жазылғандай, «ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс». Яғни сол бостандыққа қатысты құқықтық нормаларда оның шет-шегі де айқын көрсетілген. Ата Заң ең негізгі құқықтық қағидаттарды ғана айқындайды. Ал онда айтылған азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерді салалық заңдар белгілейді. Ал жұмысқа келетін болсақ әр бір мекеменің өзінің ішкі талап-тәртіптері болады. Заңға сәйкес және ішкі талапқа сәйкес заңнамалар шығарады. Сол заңнамаға біз бағынуымыз керек. Намаз оқып та жұмыс жасап та жүрген азаматтар бар. Сол сияқты сіздің де намаз оқуға рұқсат етілген жұмыстарды қарастырып , сол жерде істегеніңіз өзіңізге абзалырақ болады. Жақтырмау деген ұғым ол қазіргі исламафобиядан қалыптасқан бір қоғамдағы ой десекте болады. Керісінше қазір менің ойымша исламды ұстанатын адамдар сол діннің таза және бейбітшілдік дін екенін адамдарға дәлелдеп сол діннің жақсы жақтарын көрсеткені жақсы болар деп. Болашаққа барлығы жақсы болар деген ойдамыз, және соған сенейік.
Екінші сұрағыңызға келетін болсақ Бір кісі Ибраһим ибн Әдһамнан «Маған дұға етіңдер, жауап беремін» деген аят турасында: «Неге біз Аллаға қанша дұға етсек те, Ол бізге жауап бермейді?» – деп сұрайды. Сонда ол:
- Алланы танып, бірақ Оның бұйрықтарын (өз міндеттеріңді) орындамадыңдар;
1) Құранды оқып, бірақ онда жазылғандарға сай әрекет етпедіңдер;
2) «Алла елшісін (с.ғ.с.) жақсы көреміз» десеңдер де оның сүннеттерін орындамадыңдар; - «Ібіліс – біздің жауымыз» деü алып оның айтқандарын істедіңдер;
- Өз кемшіліктеріңді қойып, өзгелердің кемшілігін айттыңдар», – деп жауап береді.
Сондықтан әрқашан дұғада болайық, дұға еткеннен шаршамайық. Алла Тағала мейірімді және тілектерді қабыл етуші.