0 комментариев

Әс-сәләму ‘алейкум. Сұрағым халал және харам ас жайлы. Әрқашан ҚМДБ сертификатталған тағамдарды , халал белгісі бар тексерілген тағамдарды тұтынатынмын. Үйде ата-анама осы жайлы айтқанда, мән бермейтін.. Анам білмей, күмәнді Е қоспасы бар тағамды алыпты.Бұл күмәнді қоспа ҚМДБ халал дамудың Halal guide қосымшасында, Е 471 күмәнді қоспа деп тұр. Анама соны ескертіп айттым..Бірақ мән бермеді..Атама айтайын десем, тағы ұрыс шыға ма деп,айта алмадым.. Сол ескертпеген үшін, бұл күнә болып есептеле ме? Айтсам да,ата-анам өкінішке орай мән назар салмайды.. Әрқашан шариғат талаптары,халал,харам бойынша бір нәрсені айтсам, ұрыс шығады.. Бұндай жағдайда не істеуге болады?..

Asked question